Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

Батыр баян шығарма жоспарымен

ОТВЕТЫ
Көрікті Көкше- Абылай Баян бастаған ел қорғандарының қонысы.
« Баянсыз қанатымды қалай жаям!»
« Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..»
« Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..»
« Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан… жер ұмытпас»
Осы жоспар бойынша балалармен бірге мазмұнын айта отырып, Баян бейнесін талдаймын.

І. «Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.

ІІ. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу.

ІІІ.Жанры: Поэзия, поэма

ІҮ.Сюжеттік-композициялық талдау:

Шығарманың басталуы.
« Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да,- деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. « Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады. «Қызыл тілім кісендеулі» деп тіл бостандығының жоқ екеніне тоқталып « қызыл сұм» деген көріктеуші және «кісендеулі» деп



кейіптеу арқылы ақын поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір күшті уын аяды ма»- деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер ақынның жолы « қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді. Ендеше, ақында қаламымен сырласады.
152
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам