
Sergey
4 год назад
Мәтінді оқыңдар. берілген тапсырмаларды орындаңдар.1 -т. Мәтінді бірнеше мағыналық бөліктерге бөліңдер және әр бө- лікке атау беріңдер.2 -тНегізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріңдер.3 -т «Кубизм» әдісін пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.Кім? Қашан? Қалай?Не Қайда? Не себепті?Білімге жол ашқан Жәңгір ханЕл басқаруда білімнің, мәдени- еттің қажеттілігін түсінген Жәңгір хан қазақ жерінде еуропалық үлгі- дегі мектеп ашуды жоспарлайды. 1831 жылы Орынбор генерал-губер- наторы Эссенге хат жолдап, мектеп үйін салуға көмектесуін сұрайды. Жәңгір хан Орынбор ұлықтарына жолдаған құжаттарында қазақ бала- ларын Ресейдегі жоғары және орта оқу орындарына қабылдау жөнінде мәселе қойған. Ал оларға түсу үшін әлемдік ғылымдарды үйрететін мек- тепсіз болмайтын еді.1841 жылы 6 желтоқсанда хан ордасында Жәңгір өз қа- ражатына қазақ балалары үшін училище ашты. Ол «Жәң- гір училищесі» деп аталған. Хан осы училище үшін арнайыүй салдырып, оған оқытушыларды өзі таңдап, тағайындады және кететін шығынды өз қазынасынан төлеп отырды. Учи- лищенің алғашқы меңгерушісі болып осы Ордада мал дәрі- гері болып жұмыс істеген Константин Петрович Ольдекоп тағайындалды. Ольдекоп шәкірттердің сабақ үлгерімі жур- налын жылына үш рет ханға көрсетіп отыратын болған. Бі- рінші жылы мектепке 25 оқушы қабылданды: оның жете- уі мектеп жанындағы жатақханада жатып оқыса, он сегізі үйден келіп оқыған, ең ересегі 22 жаста, ал кішісі 9 жаста болды.Мектептің бір ерекшелігі – ол ашылған күннен бастап бір сәт те жабылып көрген емес. Жылдан жылға ұлғайып, көркейіп, дами түсті. Сөйтіп, Бөкей ордасында ашылған мек- тептің ықпалымен тағы да жеті мектеп ашылып, алғашқы мектеп орталық мектепке айналады. Осы орталық мектеп арқылы бүкіл Бөкей ордасындағы білім жүйесі, оқу бағдар- ламалары реттеліп, қадағаланып отырды.Жәңгір бастауыш білім берумен шектеліп қоймай, қазақ балаларын жоғары оқу орындарына жіберу, оларды ел бас- қаруға үйрету бағытында да көп еңбек сіңірді. Ханның маман кадрлар және мұғалімдер даярлау саясаты мемле- кеттік деңгейде жүзеге асып, мектеп түлектері Ресейдің әртүрлі арнаулы орта және жоғары оқу орындарда оқуын жалғастыру мүмкіндігін алды. Ең беделді оқу орны болып саналатын Неплюев кадет корпусын бітірген 37 түлектің 8-і Бөкей ордасының қазақ жігіттері болатын. Сонымен бірге қазақ жастары Орынбор әскери училищесінде, Орынбор кадет корпусында, Қазан университетінде, Санкт-Петербург кадет корпусында және т.б. оқу орындарында мамандық алып, әртүрлі салада маңызды қызметтер атқарды. Ал кей- бір қазақ маман-кадрлары Ресейдің ірі мекемелерінде қыз- мет істеген. Бұдан біз Жәңгір ханның қазақ жастарының заманға сай білім алып, әр салада қызмет істеуіне жол аш- қанын көреміз.
ОТВЕТЫ

Klavdij
Nov 6, 2020
- Қазақ оидасының өркендеуі.
- Мәтінде ежелгі қазақ ордасы сипатталған.
- Білмедім
151