Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
Физика

Осы тақырыпқа көмектесіңіздерші срочноооооо

ОТВЕТЫ

Салыстырмалы қозғалыс — нүктенің (немесе дененің) шартты түрде жылжымайтын деп алынған санақ жүйесіне қатысты орын ауыстыратын жылжымалысанақ жүйесімен салыстырғандағы қозғалысы. Салыстырмалы қозғалыстағы нүктенің жылдамдығы салыстырмалы жылдамдық (сал.), ал үдеуі салыстырмалы үдеу (сал.) деп аталады. Жылжымалы санақ жүйесіндегі барлық нүктелердің жылжымайтын санақ жүйесіне қатысты қозғалысы бұл жағдайда тасымал қозғалыс деп, ал берілген уақыт мезетінде қозғалған нүктемен беттесетін жылжымалы жүйе нүктесінің жылдамдығы мен үдеуі тасымал жылдамдық (тас.) және тасымал үдеу (тас.) деп аталады. Ақырында нүктенің (дененің) жылжымайтын санақ жүйесіне қатысты қозғалысы күрделі немесе абсолют қозғалыс деп, ал бұл қозғалыстың жылдамдығы мен үдеуі абсолюттік жылдамдық (абс.) және абсолюттік үдеу (абс.) деп аталады. Мысалы, егер кемемен жылжымалы санақ жүйесін, жағамен жылжымайтын санақ жүйесін байланыстырсақ, онда кеме палубасында домалаған шариктің палубаға қатысты қозғалысы салыстырмалы қозғалыс, ал жағаға қатысты қозғалысы абсолют қозғалыс болып табылады. Шариктің бірінші қозғалыстағы жылдамдығы мен үдеуі сәйкесінше сал. және сал., ал екінші қозғалыста абс. және абс.. Жағаға қатысты бұл кеменің қозғалысы шарик үшін тасымал қозғалыс, ал берілген уақыт мезетінде шарик жанасып тұрған палуба нүктесінің жылдамдығы мен үдеуі сал.

32
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам