
Luhahnuzh
6 год назад
Туынды устеу деген не
ОТВЕТЫ

Пантелеимонович
Jul 20, 2019
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.
Жалаң туынды үстеулерТүрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналды.
7