Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

5 казахских загадок о книге!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

СРОЧНО!!!!!!!!

ОТВЕТЫ
Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
/Кітап/.

Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
/Кітап/.

Бір нәрсе білмегенді     білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап  күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
/Кітап/.

Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды  дәмін татқан.
/Кітап/.

Сандығым бар өзгеше, 
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
/Кітап/.

Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер
/Кітап/.

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
/Білім, кітап/.

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар, 
Қорек қып пайданалар тамам халық.
/Кітап, оқу/.

Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен
/Оқу/

Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
/Оқу,білім/

Сай бойында сары алтын.
/Білім/

Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.
/Білім/


Қабат-қабат қаптама
Ақылың болса аттама.             /Кітап/

Жаны жоқ болса да
Ақылды адам ісін істейді.       /кітап./
145
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам