Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

15. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Мен оқыған кітап қызық-ақ . В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді. Д) Түн. Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.

16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен. С) Қыздар

тоғайға шие теруге кетті. С) Бес-алты айда келді. Д) Олкөпті көрген дана қарт. Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.

А) Сонымен. В) Сондықтан. С) Да. Д) Бірақ . Е) Немесе.

18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар. В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін. Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді. Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.

19. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

А) Ол дауыстарының шуылдамай, үйлесімді шығуын талап етті. В) Арай хат жазып кетті.

С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді. Д) Не істесем де алдыма қойған мақсатқа жетуім керек.

Е) Бүгін менің жалғыз інім келеді.

20. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды. В) Таң атты, мен ояндым. С) Риза болғаны сондай-мені құшақтай берді. Д) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың. Е) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

21. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді. В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады. С) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті. Д) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады. Е) Абай араларынан кетісімен, сабыр бұйрық елге жайылды.

22. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты. В) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. С) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді. Д) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын. Е) Сабырлы Олжабектің сасқаны соңша-орнынан атып тұрды.

23. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Үйдің іші үн-түнсіз, көңілсіздік басқан. В) Тоқтамай сөйлей берсеңші, уақытың жетпес.

С) Айтар ойы олмаған соң, бос сөзге үйір. Д) Тілмен тас жаруына қарама, тындыруына қара.

Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.

24. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүреді. С) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

25. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Экологияны сақтайық , соған ат салысайық . В) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады. С) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын. Д) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр. Е) Онымен әр кеңескен сайын түрлі жаңалық естимін.

ОТВЕТЫ
15.С 16.А 17.Д 18. В 19.С. 20.В 21.Е. 22. В 23.Е 24.С 25.В
285
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам