Potolmepk
5 год назад
Қарағанды туралы әңгіме құрау
ОТВЕТЫ
Чубаров
Jun 30, 2019
Қарағанды облысы — облыс Қазақстанның орталық бөлігінде, Солтүстік Мұзды, Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарынан тең қашықтықта Еуразия құрылығының дәл ортасында орналасқан. Ауа-райы қатал континенталды және тым құрғақ болып келеді. Облыс Қазақтың ұсақ шоқылы қыраты – Сарыарқаның бөлігін алып жатыр.
Қазіргі таңда Қарағанды облысы – аумағы жағынан және өндірістік әлеует бойынша ең ірі, минералдар мен шикізатқа бай облыс. Облыс аумағы жаңа шекараларда 428 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы көлемінің 15,7 ). Облыста Қазақстанның барлық тұрғындарының оннан бір бөлігі тұрып жатыр.
Солтүстікте Ақмола облысымен, солтүстік шығыста Павлодар, шығыста – Шығыс Қазақстан, оңтүстік шығыста – Алматы, оңтүстікте – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, батыста – Ақтөбе, солтүстік батыста – Қостанай облыстарымен шекаралас.
Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ең алғашқы орталығы Петропавл қаласы болған. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылғаннан кейін, орталық Қарағанды қаласына көшірілді.

125