Сидор
5 год назад
Помогите написать сочинение на казахском языке на тему " казак зергерлiк онер"
ОТВЕТЫ
Parmen
Jun 30, 2019
Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің
көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер ретінде
саналған. Сондықтан да болар ел ішінде: «Зердің жайын зергер білер,
Аңның жайын мерген білер», – деп босқа айтпаса керек-ті. Оған
біріншіден, табиғаттан дарыған тума талант керек болса, екіншіден, ол –
атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар,
халықтың тарихымен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Сақина – қыз-келіншектердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым.
Сақинаның жасалуы жүзікке қарағанда оңай. Салт-дәстүрімізде де жүзіктің
алатын орны ерекше.Әшекей бұйымдары арқылы әр халықтың өзіндік сыр-сипаты, өнерге деген
көзқарасы, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген ұғым түсінігі
байқалып тұрады. Біздің қол шеберлеріміздің жасаған бұйымдары дүниежүзінің әр түрлі көрмелеріне қатысып, жақсы бағаланып келеді
85