Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

Рұқсат етіңіздер, сенім білдіремін, хабардар етеміз, кешірім өтінеміз, қаулы етеді, шешім қабылдайды, жауапкершілік жүктелсін, алғыс жариялансын. әртүрлі жағдайлар қарастырып сөйлем құрау керек, көмектесіңіздерші.

ОТВЕТЫ

1. Құрметті университетіміздің ғылыми кеңес төрайымы мен кеңес мүшелері, ғылыми жетекшім, педагогика ғылымдарының кандидаты Абуталипова Перизат Сайлауқызы екеуміздің дайындаған ғылыми - зерттеу жобамызды көпшілік алдында ұсынуға рұқсат етіңіздер.

2. Біздің ғылыми - зерттеу жобамыздың қорытындылары мен нәтижелері алдағы уақытта бұл тақырып орайында кеңінен пайдаланымға енеді деп сенім білдіремін.

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша апелляциялық кеңестің жұмыс тәртібі жөнінде қосымша хабардар етеміз.

4. Көркем фильмдегі кейіпкерлердің есімдері мен тағдырлары ойдан құрастырылғандықтан, өмірдегі кісілермен сәйкес келіп жатса, алдын ала кешірім өтінеміз.

5. Диссертациялық кеңес Аманжолов Еркебұлан мырзаға саясаттану ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілгені жөнінде қаулы етеді.

6. Студенттер кәмелеттік жасқа толғандықтан барлық шешімдерді өздері қабылдайды.

7. Студенттер арасындағы жоғары оқу орындарының арасындағы спорт жарысын ұйымдастыру үшін факультет деканының орынбасарына жауапкершілік жүктелсін.

8. Қалалық және республикалық шет тілдер Олимпиадасына үздік оқушыларды дайындағаны үшін мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мамажанова Салтанат ханымға алғыс жариялансын.


238
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам