Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

А. Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» Автор бейнесін ашыңыз, ойыңызды жинақтап жазыңыз.

ОТВЕТЫ

мен жазбаймын өлеңді ермек үшін!

иә,Абай атамыз Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деп айтып кеткендей.Бұрынғы заманда қазіргідей ерігіп жүрмеген,барлығының өзіңдік себептері болған.Абай атамыз бұл жерде өлең менім өмірім.Өлең менім барым деген мақсатта айтып отыр.Яғни,мен өлеңді еріккеннен,ермек үшін жазғаным жоқ,жазбаймында.Менім жан дүнием соны қалайды.Жан дүниемнің қалауымен деп айтып отыр.Негізігі мәселе осы.Сондықтан да тек қызыққа істеп көрмей.Бір бастадын ба соңына дейін аяқтап.Тек жан дүниен қаласа ғана істегенің дұрыс!

«Ғылым таппай мақтанба...» — Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 ж. Қазанда жарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртүтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сез қозғайды. Ал мына өлеңдегі:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» -дегендегі орын тап деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Бұдан Абай:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол...» -деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бүл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады. Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық көрінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсіресе, сол өткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз ойын көлденең тарту сыпайыгершілікке келмейді дегенді желеу қылып, шындықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заман ғана емес, бүгінгі заманда да аз кездеспейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірінің мәні зор дейміз. Ендеше:

«Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі - пұл...» - дегенді көпке топырақ шашқандық емес пе деп көлгірсімей, ашық айтылған, жастарды артық сенгіштіктен сақтандыратын ащы өмір шындығы деп бағалауымыз орынды.

260
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам