
Пж тез керек пж пж пж пж пж пж пж


Шортанбай Қанайұлының « Зар заман » өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі . Шортанбай Қанайұлы - XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын , өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз . Туған елінің тағдырын болжап , халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарс айрыла жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау - ақыны . Ақынның сырлы толғауларының ішіндегі ең айтулысы « Зар заман » өлеңі заман үшін де маңызды саналатын түйіткілді мәселелерге толы . Әсіресе , өлеңнен бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты аса өзекті ойларды көптеп кездестіреміз . « Зар заман » өлеңіндегі ақын сынаған сол замандағы ұл мен қыз бойындағы жағымсыз қылықтардың бүгінгі жастардан да орын алып жатқаны өтірік емес . Мәселен Шортанбай ақын : Бұл асылық асқан заманда , Ұл туады атaмeнeн егесіп , Қыз туады анаменен теңдесіп , Баласы кетіп тыюдан Масқаралар таймайды Жас сыйласып тұрудан , -деп , « зарлы заманның » ұл - қызының сыпайылық , кішіпейілділік тәрізді адамдық қасиеттерден алыстап бара жатқандығын айтады . Қазіргі заман қыз жігіттерінің де көпшілігінің аталмыш қылықтардан аулақ емес екендігін олардың ата анаға , үлкен кісіге деген құрметінің азайып кеткендігінен анық байқауға болады . Басқасыбылай тұрсын , өз ата - анасын « сен » деп атап олармен құдды бір құрдастарындай сөйлеседі . Менің ойымша , бұлай жалғаса берсе , « атасы тұрып ұлы , анасы тұрып қызы сөйлегеннен без » дейтін халқымыздың ұлттық құндылықтарынан айырылып қалуымыз ғажап емес . Сонымен қатар , өлеңнің : Ұлың киді дүрия , Ұстараның жүзіндей Аударылған дүние Қызың киді биқасап , Тергеп кимей байқастап Кешкiтұрым болғанда Құлан менен бұландай Үйде тұрмас ойқастап Қыз - жігітте әдеп жоқ , -деген жолдарынан да сол дәуір жастарына тән сауықшылдық , ойыншы күлкішілдік тәрізді татымсыз қылықтарды көреміз . Әрине , бүгінгі заманауи қыз - жігіттердің де сауыққұмарлық , қыдырымпаздық , жеңілтектікке бой алдырып , жаман әдеттерге әуес болып жүргені бәрімізге аян . Осыған қарап , ақынның ашына жырлаған ұл мен қыз бойындағы қасиеттердің қазіргі жастарда кең етек алғаны жайлы ойлана түсеміз . Шортанбай Қанайұлының « Зар заман » өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі аса зор екенін байқадық . Бұл туынды сол заманның ащы шындығын айтып қана қоймай , өскелең ұрпақты жамандықтан сақ болып , жақсылыққа жақ болуға , ізгілікті қасиеттерді бойға сіңіруге шақырады . Сондықтан да , ақын шығармасыәлемнің көптеген тілдеріне аударылып , жастар тәрбиесіне көмекші құрал ретінде таратылуы тиіс