
посчитайте даю 30 поинтов


1 курато махано рутити долаш
Дио́д (көне грекше: δις[1] — екі және -од[2] шекті) — екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электронды аспап (прибор).
Жарық диод (англ. light-emitting diode, LED) – бұл жартылай өткізгішті аспап бір р-п өтуден тұрады, электр энергиясын жарық энергиясына тікелей түрлендіреді. Жарық диодтар ақпаратты визуальды көрсететін құрылғыларда, сондай-ақ оптоэлектронды құрылғыларда жарықсәулелену элменті ретінде қолданылады.
Шығу тарихы:
Генри Раунд (1907)
Олег Лосев (1927)
Ник Холоньяк (1962)
Шартты белгіленуі:
Жарық диодтардың жұмыс әрекеті тура ток кезінде электрондар мен кемтіктердің рекомбинация шақыруымен, кейбір жартылай өткізгіштердегі р-п өтуде жарықтың сәулеленуіне негізделген.
2.5 сурет. Жарық диодтар –құрылымы, жұмысы мен қосылу схемасы
Жарық диод екі қабатты құрылымға ие (сурет). Тура кернеуде және сыртқы кернеу берілмегенде, р-п өту кезінде процесс кәдімгі жартылай өткізгішті диодтікі сияқты, бірақ жарық диодында негізгі рөлде рекомбинация процесі болады. Рекомбинация р-п өту аймағында жүреді.
Электрондар мен кемтіктердің максималды әрекеті (кездесуі) кристалды тордың кемшілігінен болады. Мұндай кемшіліктер арнайы енгізілген қоспадан, қосымшалардан және т.б. болуы мүмкін, оларды рекомбинация орталығы деп атайды. Теріс зарядталған электрондар мен оң зарядталған кемтіктер кездескенде кемшілікте олардың зарядтары толтырылады және заряд тасушылар жоғалады, сондықтан рекомбинация кезінде энергия бөлінеді. Энергия жылу түрінде бөліну мүмкін немесе квантты жарық – фатондар.
Егер ковалентті байланыстың бұзылу процесінен атомдық кристалл торында энергияның шығыны талап етілсе, онда рекомбинация процесі жылудың және сәулелі энергияның бөлінуімен жүреді. Жарықтанудың тиімділігі үшін көрінетін аймақтың спектріне жартылай өткізгіштің жапқыш қабаттың қалыңдығы екі электрон-вольттан көп болуы керек екені белгілі.
2.6 сурет. Жарық диодтар –құрылымы, жұмысы мен қосылу схемасы мен ШГБ
Жарық диодтар бір жарық өрісімен (индикаторлар, артық жүкпен, жарық көзімен) немесе кремния (п-текті жартылай өткізгіш), акцепторлы қоспа ретінде бор (р-тектіжартылай өткіш алу үшін) енгізеді. Майыспайтын байланысқа сымды шықпалар қосады.
Жарық диодтардың сипаттамалары мен параметрлері
Жарық диодтың негізгі сипаттамалары: вольт-амперлі, жарықтық және спектралды.
жарық диодының вольт-амперлі сипаттамасы жартылай өткізгішті диодтың сипаттамасынан айырмашылығы жоқ, тек оның тура тармағы қолданылады: Iтура= ƒ(Uтура)
жарықтық сипаттама немесе люкс-амперлі жарық диод арқылы өтетін токқа жарықтың сәулелену В тәуелділігі: В= ƒ(I)
спектралды сипаттама жарықтың сәулеленуі жарық толқынының ұзындығына тәуелділігін көрсетеді, яғни жарық диодының сәулелену жарығын. Толқынның ұзындығы, жарық диодының сәулеленуі оның материалына байланысты: жарық диодының негізі фосфида галлия «қызыл-сары» 0,68 мкм, «жасыл» -0,54 мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді.
сурет. Жарық диодтың сипаттамалары
Жарық диодтардың түрлері:
Параметрлері:
Жарық диодтың негізгі параметрлері қуат немесе жарық сәулелену, сәулелетін жарықтың толқын ұзындығы, жарықтың түрін анықтаушы, жұмыс режиміндегі ток пен кернеу.
Жарық диодтары тура токта 3-40мА және тура кернеуде 2,5-5,5 В жұмыс істейді. Диодтар әрқилы жарықтану түсімен әртүрлі жарықтыққа ие. Жарық диодының ең үлкен жарықтануы жасыл сәулеленуі –120 кд/м2 дейін, басқа жарық диодтардың жарықтануы - 20-50 кд/м2.
Жарық диодтардың артықшылықтары:
жоғары тұрақтылық;
төменгі жұмыс кернеуі;
шексіз жұмыс мерзімі;
жоғары ПӘК
қолдануы көп және бағасы төмен
Жарық диодтар автоматикада, өлшеу техникада, кинематографияда және басқа аймақтарда бірнеше артықшылықтарына қарай жарық көзі ретінде қолданылады. Сәулелену диодтары жарық таблода, оларды есептеуіш машиналарда сандақ және әріпті ақпараттарды енгізу-шығаруда қолданылады, жарық диодтардың әртүрлі түс беруімен түсті бейнелерді алу үшін, теледидардың электронды-сәулелі түтікшесін үлкен жазықты экранмен ауыстырылды.
Жарықдиодты шамдар
Жарықдиодты шамдар жарық диодтарының негізінде жасалады. Олар көше бойын, өндіріс орнын, тұрмыстық жарықтандыру жүйелерінде қолданылады. Бұл шамдар ең экологиялық таза шамдар болып табылады. Олардың құрамында сынап болмағандықтан, адам денсаулығына қауіпсіз.
Жарықдиодты шамдардың қыздыру шамдарынан бірден бір артықшылығы ол үнемділік және ұзақ мерзімді , яғни 30’000 ден 50’000 сағат қызмет ету. Ал кемшілігіне оның қымбаттылығын атай аламы
пж 100 бал