
1. Ертегі кейіпкерлерінің бала психологиясына әсері қандай?

Ертегі терапиясы – бұл кез - келген басқа да психотерапия сияқты, жан – дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде зерттейді, психикаға жағымды әсер ететін ертегілерді тудырады. Онда психикалық процестердің желілігіне, басқаша айтқанда, адамның жан дүниесінде болып жатқан құбылыстарға көңіл аударады. Әдетте, олар мәдениет пен уақытқа тәуелсіз, адамдар үшін әмбебап болып келеді. Ертегі терапиясы адамда санасыздықтың дамуы мен нақты кескін бойынша өзін көрсете алады. Ертегі кейіпкерлері бір мезгілде екі психологиялық деңгейге – сана және сана астылық деңгейлерге айналады. Мұның өзі коммуникациядағы күрделі эмоциялық қарым – қатынастың тиімді әрі әсерлә жағдайын құру қажет болғанда, түзету жұмысы үшін аса маңызды, ерекше мүмкіндіктер тудырады.