Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

Аққу әңгіме құрастыру​

ОТВЕТЫ

Аққу – дәстүрлі қазақ қоғамында киелі саналатын құс. Аққудың байырғы түркі халықтарында тотемдік мәні болған. Аққуды киелі құс ретінде қазақтар ежелден қастерлеп, «құс төресіне» оқ атпаған. Оны атқан адамды оның киесі ұрады деп есептеген.

Бақсылар бертінге дейін аққу терісін жамылып, оның қауырсынын тағып келген. Ш.Уәлиханов Досмайыл бақсының қобызбен күй тартқанын, оның «Аққу» деп аталатын күйі болғанын еске салады (қазіргі Алматы облысы, Қарғалы ауылы). Қазақ тілінде аққу құсты символикалық тәсілмен адамға көбірек теңеу, ұқсатудың төркіні және ауыз әдебиетінде де сұлулар сыны аққудың бейнесі арқылы берілуі, оның бір кездері тотемдік мәні болуымен байланысты деуге болады. Қазақ поэзиясында аққу әсемдіктің, сұлулықтың, пәктіктің символы ретінде суреттеледі.

Осылай 100% сенімдімін

291
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам