Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды эссе пж посчитайте пж ​

ОТВЕТЫ

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небары үш-ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, әрдайым баласы үшін шыр-пыр болып жүретін анамыздың жұмақ иісі аңқыған, балдай тәтті ақ сүтінің алдында мәңгілік қарыздармыз. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда ақ сүтін ақтай алмайсың» деген халық даналығы бұл сөзімнің айғағы болмақ.

Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. "Анаңның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық тәрбие", - деген ұлағатты сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Себебі, қандай тәлім–тәрбие беріп, сені алтын мен аптап, күміспен күптеп қойса да, анаңның берген ақылы мен жылы алақанына ештеңе татымайды. Қорыта айтқанда, барлық адам баласы ана алдындағы перзенттік парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі, ең бақытты адам – анасы бар адамдар. 

882
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам