Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
История

Тарихи ангимелердин ерекшелиги неде?Шежиренин казак когамында аткаратын кызмети кандай?Казактарда музыка онеринин калай дамыганы туралы жазындар?ХҮІІІ г сон. Казакстанда ашылган мектептерди атап, маныздылыгын тусиндириндер?

ОТВЕТЫ

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық,

биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы

бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме

жабық тұрады екен.

Бір күні қыз қарияға:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге

қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың.

Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады

әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін

ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және

кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:

- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық,

өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса,

еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі

мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария.

1

22
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам