Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
?аза? тiлi

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы эссе​

ОТВЕТЫ

Тайпа– қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Көшпелі халықтарда тайпалық бірлестіктері ұзақ уақытқа дейін сақталады.

Ру – өз шығу тегін әкелік (әкеден балаға) не шешелік (шешеден балаға) тізбектен тарататын адамдар тобы. Рудың негізгі ерекшелігі өз руының өкілдерімен некеге тұруға тиым салынды. Ру мүшелері бір–біріне барлық жағдайда жәрдемдесіп, өз руласының өлімі мен жарақаты үшін, қанмен кек алуға даяр болатын.

Хандықтың жер көлемі батыс және оңтүстік жағынан кеңейіп, ру тайпалар қосылып, тайпа басшылары билікке тартылған еді. Тайпалық одақтар құрылып, олар ішіндегі негізгі ірі тайпа атымен белгілі болды. Мысалы, XV ғасырда Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр ханнан бөлініп көшуіне ссебеп болған Ақжол бидің өлімі болса, мұндағы арғын тайпасының көрнекті өкілі Ақжол бидің есімі Орта жүздің ұранына айналған. Ал Ұлы жүз атақты тайпасы үйсіннің биі Бақтиярдың атын ұран етіп көтерсе, Кіші жүздің атақты алшын руының биі Алдияр аты да ұранға айналып, үш жүз құрылған. Ал жалпы қазақтың ұраны «Алаш» деп аттан салғанда, бүкіл үш жүздің ұландары атқа қонған.

Үш жүздің құрамы ежелден өмір сүріп келе жатқан жергілікті ру тайпалар бірлестігінен құралды. Ұлы жүзде (Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан)- сарыүйсін, албан, дулат, суан, шапырашты, жалайыр, ысты, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, т.б.; Орта жүзде (Орталық және Солтүстік Қазақстан)- арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ, т.б.; Кіші жүзде (Батыс Қазақстан), ірі рулардың бірлестігі- байұлы(12 ата), әлімұлы(6 ата) және жетіру(7 ата).

610
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам