Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
Другие предметы

"Білімді зерек адам болам!"-десең,Қара өзіңді басқаның айнасымен" эссе керек боп тұр ​

ОТВЕТЫ

Объяснение:

Шоқан Уәлиханов айтқандай: «халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет». Бұл сөздің негізгі ойы: білім – нағыз адам болу үшін ең маңызды құрал болып табылады. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білім мен зеректілік адамды дұрыс жолға бағыттап, оған қоғамда лайықты орын табуға көмектеседі. Білім деген сөздің мағынасы – бұл тек математикалық есептерді тез шығаратын, химия, физиканы жоғары деңгейде білетін тұлға емес. Менің ойымша, мұндай адамның көзқарасы өте тар. Егер адам көп ақпарат білсе, бұл оның үлкен көлемді жаты туралы айтады. Менің пікірімше, ақылды адам тек өзін ғана емес, басқа адамдар жайлы да ойлайды. Ақылды адам бұл ойланпаз, кез келген жағдайда өз білімін қолданатын тұлға. Білімді адам мәселені шешу барысында, ең алдымен, оны жан-жақты қарастырады. Білімді, зеректі болғың келсе, біріншіден «басқа адамдардың көзінде қалай көріну керек екені» жайлы ойлау қажет. Ақылды адам жақсылықты жасаса да, ешқашан мақтанбайды. Білімді тұлға ойланбаған қылықты жасамас бұрын, қатені жібермес үшін жүз рет ойлап, түрлі көзқараспен қарап, ата-анасымен, достарымен ақылдасып, содан кейін ғана әрекетті жасайды.

Қазақ тарихында, шынымен, ақылды, білімді, адамгершілігі мол адамдар көп болған. Мысалы, әйгілі, ұлы, ақын-жазушы, ағартушы Абай Құнанбайұлы және біздің жерлесіміз, ойшыл, философ, фольклортанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр-Жүсіп – олар зерек, өте білімді және ақылды тұлғалар болған. Абай Құнанбайұлының шешендік өнерімен қатар, ойлану қабілеті мен кемеңгерлік қасиеті мықты дамыған болатын. Ол өмір бойы әділдік үшін күресті, кедей шаруалар мен адамдардың құқықтарын қорғады. Сол сәтте ол қарапайым халықты ағарту мақсатында өзінің «қара сөздер» деген әйгілі еңбегін жазған. Оған қоса, Абай әділ би болған, өйткені әр мәселеге түрлі көзқараспен қараған, көп ойлап, дұрыс шешімдерге келген. Бұл әрекеттер Абайдың білімі мен зеректілігінің нағыз екенін көрсетеді. Мәшһү-Жүсіп Көпейұлы дінге әбден сенетін болғандықтан, бүкіл халықтың есінде «әулие қария» болып сақталды. Мәшһүр-Жүсіптің поэзиясы ұмытылмас болып, өз бейнелігімен, даралығымен ерекшеленеді. Мәшһүр-Жүсіп дін туралы ғана емес, әлеуметтік теңсіздік, сауатсыздық мәселелеріне көп көңіл аударған.

Қорытындылай келе, «білімді, зерек адам болам» десең, өзінше болмай, басқа адамдардың пікірлерімен санасып, кез келген жағдайда өзіне басқаның айнасымен қарау керек. tarbie.at.ua сайтынан «БІЛІМДІ ЗЕРЕК АДАМ БОЛАМ!» - ДЕСЕҢ, ҚАРА ӨЗІҢДІ БАСҚАНЫҢ АЙНАСЫМЕН» - МӘШҺҮР-ЖҮСІПТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЭССЕ Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі.

378
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам