Олег
4 год назад
Эссе Алтын журек эссе 100 соз срочно отинем 40 балл бере оте кушти эссе керек
ОТВЕТЫ
Danila
Nov 5, 2020
- Ерлік тек соғыс кезінде жасалмайды. Адам өмірін сақтап қалу үшін суға түскен, қызыл отпен арпалысқандар өзінің көзсіз жасаған тәуекелін ерлік деп айтпайды. Ал бейбіт күндегі адамдардың мұндай қадамының артында биік адамгершілік, адамдарға деген сүйіспеншілік, Отанға деген асқан патриотизм жатыр. Өткен жылы Науырзым ауданындағы Раздольное ауылының жанынан ағатын өзеннің бетіне мұз қатқанда 14 жасар Алтынбек Түкеев бес жасар қарындасы Мәдинаны ертіп, сырғанақ ойнауға барады. Қарашаның суығымен енді қатқан мұз әлі қалыңдамаған екен, балаларды көтере алмай ойылып кетеді. Алтынбек жағаға шығуға қарманады, Мәдина суға бата бастайды. Осы кезде жағада жүрген 9 сыныптың оқушысы Владислав Микалаускас келе мұзды суға қойып кетіп, кішкентай қызды жағаға алып шығады. Сол күннен бастап алғысы шексіз ата-анасы Владты Мәдинаның екінші ағасы деп қабылдады. “Нұр Отан” партиясы Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған “Алтын жүрек” байқауына қатысқандардың арасында мұндай мысалдар өте көп болды. Олар бетпе-бет келген төтенше жағдайлар да әр түрлі, тек адамды құтқару үшін ешкім де қарап тұрып қалмай, көзжұмбай тәуекелге ұмтылуы олардың ортақ ұқсастығы еді. Қысылтаяң шақта адамдарға қолұшын берген, өмір үшін ерлік іске барғандарға партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ирина Аронова “Алтын жүрек” белгісін және бағалы сыйлықтар табыс етті. Филиалға үш айдың ішінде “Алтын жүрек” атағы үшін облыстың түкпір-түкпірінен көптеген сұраныстар келіп түсті. Олардың арасында адамдарды қызыл оттың ішінен аман алып шыққандар, судан құтқарғандар да жеткілікті. Сонымен қатар, “Алтын жүрек” сыйлығы Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай кентінің тұрғындары Илдус және Лидия Ахметовтерге де берілді. Олар 2004 жылы Рудный қаласындағы балалар үйінен жеті бірдей баланы асырап алған болатын. Олар қазір ата-ананың жылы бауырында жетімдік көрмей өсіп келеді. Ал Қостанай қалалық перзентханасының бас дәрігері Татьяна Булгацевичтің әр күні ерлікке толы десе де болады. Ол күн сайын ана мен баланың өмірі үшін күреседі, оларды ажал тырнағынан аман алып қалады. Кіндік шеше– нағыз алтын жүректі адам.
127