Екпін дегеніміз не?
Екпін-сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап,саралап,дәлдеп тұрады және екпін тұрақты,сөздің көбіне соңғы буындарымен байланысты болады. Сөзге қосымша жалғанғанда,екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі, екіншісі – көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер,орақшылар,балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де,түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады. Екпіндер іштей төрт түрге бөлінеді:
Дыбыс екпіні
Ой екпіні
Сөз екпіні
Тіркес екпіні
Екпін түспейтін буындар:
Жіктік жалғауына – оқушымыз,барамыз.
Болымсыз етістіктің жұрнағына – ағашты жарма,сен айтпа.
Шылау сөздерге: үй де,мал да- бәрі де аман.
Көмекші сөздерге: мен ғой кеңседе болдым,үйге шейін атпен келдім.
Объяснение: вот