
Бесеуі жынды қалғаны ақылды

Бесеудің хаты
Шерхан Мұртаза.
Прологті, эпилогті, екі бөлімді тарихи драма
Қатынасушылар:
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ — жазушы
ГОЛОЩЕКИН — Крайкомның I хатшысы
ҚҰРАМЫСОВ — Крайкомның II хатшысы
ИВАНОВ — Бюро мүшесі
ЕЛЕУСІЗ — Бюро мүшесі
ЖАНТОҚОВ — Бюро мүшесі
ИСАЕВ — Бюро мүшесі
НҰРХАН — ақын
КҮЛӘНДА — елдегі қыз
БАЛЫМ — Амангелдінің жесірі
СТАЛИН — Генсек
РЫСҚҰЛОВ — Совнарком төрағасының орынбасары
ҚҰСНИ — Мүсіреповтың әйелі
ЦЕРБЕР — Тамұқ төбеті
ҚАРАБАЙ — сатқын
Көмекшілер, үркіншілер, жұмақ пен тамұқ адамдары Оқиға 1932 жылы өтеді.
ПРОЛОГ
Кремль. Сталиннің кабинеті. Сталин мен Рысқұлов.
С т а л и н. …Неге біз жағдайды Қазақстандағы Голощекиннен емес, Мәскеудегі Рысқұловтан білеміз? Неге сенен басқа ешкім ләм демейді?
Р ы с қ ұ л о в. Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың даусы Сізге жетпей жатыр.
С т а л и н. Қалайша?
Р ы с қ ұ л о в. Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған
бес адам Сізге хат жазған. Бірақ… хат ұсталған…
Сахна қараңғы тарта береді. Домбыра «Қоңырды» аңыратады.