
Тізімнен қажетті екі құрылғыны таңдап, оларды қажетті блокқа орналастырыңыз.

Жүйелік бағдарламалау – дегеніміз компьютер құрылғыларын қолданушы үшін ыңғайлы пайдалану мүмкіншіліктерін қамтамасыздандыруға арналып жазылған бағдарлама.
Жүйелік бағдарламалау жүйелік бағдарламалық қамтаманың негізгі құраушысы. ЖБ-ны құрған кезде, ЖБ-ны оңайлатудың маңызды әдісі болатын және олардың детальдарының таратылуын елемей, желінің жоғарғы деңгейдегі құрауыштарымен өзара әсерін бір жерге жинауға мүмкіншілік беретін абстракциялау тең қолданады. Бұл мағынада ЖБ қолданушы мен компьютер арасындағы интерфейсті көрсетеді.
Көптеген компьютерлердің архитектурасы машиналар командасы деңгейінде қолданбалы бағдарламаларды пайдалануға өте қолайсыз. Мысалы, дискімен жұмыс істеу оның электрондық құрауышының ішкі жабдығын дискіні айналдыру командасын енгізу, жолшықтарды іздеу және форматтау, секторлардан оқу және жазу т.б. үшін – контроллерді біледі деп ұйғарады. ЖБ компьютердің өте күрделі архитектурасының барлық бөліктерін басқаруға арналған. Мысалға, егер бір компьютерде жұмыс істейтін бірнеше бағдарлама, бір мезгілде нәтижені басқа құрылғысына (принтерге) шығаруға әрекеттенсе не болатынын елестетейік. Біздер әртүрлі бағдарламалар шығарған араласқан жолдар мен беттер алатын едік. Жүйелік бағдарламалау бұл сияқты хаосты баспаға арналған, дискідегі және баспаға кезекті ұйымдастыру ақпараттарын буферлеу арқылы болдырмайды. Көп қолданушыға арналған компьютерлердің ресурстарын басқару және оларды қорғаудың қажеттілігі өте анық. Демек, операциялық жүйе, ресустар менеджері сияқты, процессорлардың таралуын, жадының және әртүрлі бағдарламалар арасында басқа русуртардың реттелгенін және бақыланғандығын іске асырады.
Бір жағынан компьютердің аппаратурасы мен пайдаланушының есептері арасындағы интерфейс болып табылатын, ал екінші жағынан есептеуіш жүйесінің қорын тиімді қолдану және сенімділік есептеу ұйымдастыруына арналған басқарушы және өңдеу бағдарламаларының комплексін жүйелік бағдарламалау дейміз.
Осы уақытта ЭЕМ-ның үлкен желілері, байланыс тізбегі негізінде салынған, қызмет ұсына бастайды. Желілер жүйелік бағдарламалық қамтамаға одан да үлкен талаптар ұсынады.