
бірінші дүниежүзілік соғыс себептері

Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
1914-1916 жылдардағы соғыс қимылдары
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1-тапсырма
Бірінші дүниежүзілік соғыс. 2-тапсырма
Бірінші дүниежүзілік соғыс. 3-тапсырма
Бірінші дүниежүзілік соғыс. Тест
Қорытынды
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс ірі капиталистік мемлекеттердің арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуінен туындады. ХХ ғасырдың басында ірі еуропалық елдердің арасындағы империалистік қайшылықтар бір-бірімен ымыраға келмейтін екі ірі әскери одақтың құрылуына алып келді. 1907 жылы Англия, Франция және Ресей мемлекеттері Германия, Австро-Венгрия және Италия одағына қарсы Антанта одағын құрды. Одан бұрынырақ 1882 жылы Германия, Австро-Венгрия және Италия елдері арасында Үштік одақ әскери бірлестігі ұйымдасқан болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениетін дағдарысқа ұшыратты. Ірі монополистік капитал топтардың арасындағы экономикалық қайшылықтар мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленістіріп, соғыстың себептерін туғызды. Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында болды. Франция – Германия, Германия – Ресей, Австор-Венгрия – Ресей арасындағы қайшылықтардың да айтарлықтай әсері бар еді.
Соғыстың негізгі себептері соғыстың мақсаттарын да айқындады. Англия мен Франция Германияның Африкадағы отарларын және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көздеді. Орыс капитализмі Түркияға, Балқанға Германия ықпалының күшеюіне жол бергісі келмеді. Патшалық Ресей жеңген жағдайда Стамбулды, Қара теңіз бұғаздарын, Галиция өңірін және Неман өзенінің бойындағы жерді өзіне қаратып алуды, Германия дүниежүзін өзінің пайдасына қайта бөлісуді, Еуропа мен Таяу Шығыстың көп бөлігін бағындырып алуды мақсат етті. Австро-Венгрия үкіметі Сербияны басып алып, бүкіл Балқан түбегінде және Адриат теңізінде өз үстемдігін орнатуға тырысты. Сонымен қатар неміс капиталистері Балтық бойын, Қырым, Кавказ, Азов теңізі, Дон өңірлерін бағындыруды көздеді.
1914–1918 жылдардағы соғыс империалистік, басқыншылық сипатта өткенн, екі жақтан да әділетсіз соғыс болды. Сербия тарапынан бұл соғыс тәуелсіздікті қорғау жолындағы ұлт-азаттық күрес болды. 1914 жылы 28 маусымда Австро-Венгрия тағының мұрагері, эрцгерцог Франц Фердинанд Сараево қаласында қаза тапты. Осыған орай Германия императорының соғысқа итермелеуімен Австро-Венгрия 23 шілдеде Сербияға ультиматум жіберді. Оның жауабын күтпей, осы жылы 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға соғыс жариялады. Ресей үкіметі тез арада жұмылдыру жұмыстарын бастады. Орыс армиясындағы мұндай әрекетке жауап ретінде тамыз айының басында Германия Ресейге, Францияға қарсы, Англия Жапония мен Германияға қарсы соғыс жариялады. Сөйтіп, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті.