
қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблеммаға айналды эссе

XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі қазақ халқының əлеуметтік, қоғамдық жағдайлары туралы мақалалар жариялай бастады. «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты»,
«Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналы арқылы қазақ публицистикасы дүниеге келді. Əдебиетте де жаңа жанр түрлері өркендей бастады. Соның ішінде өркендеген, кең құлаш жайып, күрес құралына айналған публицистика болды. Күнделікті баспасөз беттерінде заманымыздың озық ойлы адамдарының отарлық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бері жиналып келген, əбден пісіп-жетілген сыртқа шығарған толғанысқа толы мақалалары жарияланып отырды. Олар алдымен отарлық езгі жағдайында аяқ асты болған мүддені қорғай алатын, сол арқылы қазақ елінің прогресшіл ел қатарына енгізетін негізгі басты фактор — ұлттық мемлекет құру деп білді.