
англиядағы революцияның нәтиежесінде Англияда билік қалай өзгерді??

Ағылшын буржуазиялық революциясы (17 ғасыр) - Англияда болған буржуазиялық революция; тұңғыш буржуазиялық револициялардың бірі. Оның жеңуі елде капитализмнің нығайып, буржуазиялық құрылыстың орнауына жәрдемдесті. Ағылшын буржуазиялық революция капитализмнің дамуымен байланысты болды да, ескі феодалды-экономикалық қатынастарды және Стюарттар мен Яков I(1603-1625), Карл I(1625-1649) тұсында буржуазиялық қатынастардың онан әрі дамуына кедергі жасаған абсолютизмді жоюға бағытталды. Абсолютиз мен оны қолдаушы англикан шіркеуіне қарсы шыққанбуржуазия және жаңашыл дворяндар тобы идеологиялық жағынан пуританизм негізінде ұйымдық жағынан парламентте қалыптасты (16 ғасырдың аяқ шенінен бастап). Корольдық өкімет пен буржуазиялық оппозиция арасындағы жанжал 1640 жылы қатты шиеленісті; бұл кезде 11 жылдық үзілістен кейін парламент шақырылған болатын - алдымен оның қысқа мәжілістері, кейіннен ұзақ мәжілістері өтті. 1642-1646 жылдары парламентті жақтаушылар мен роялистер - корольды жақтаушылар арасындағы 1-азамат соғысы болды. О. Кромвель құрған парламенттік армия Нейзби түбінде болған шайқастарда король әскерлеріне шешуші соққы берді.