
капиталистік шаруашылық қоғамға қандай өзгерістер әкелді?

Объяснение:Капиталистік құрылыс Батыс Еуропа елдерінде 15 – 16 ғасырларда пайда болды. Капиталистік қатынастар тауар өндірісінің дамуы мен тауар өндірісінің жіктелуіне байланысты қалыптаса бастады. Өнеркәсіп өндірісі оқшауланып экономика саласына айналды, тауар айырбасы кеңейіп, күрделілене түсті, соның нәтижесінде ақша мен сауда пайда болды. Бұл екеуі ортағасырлық қалаларда саудагерлердің қолына шоғырланды, сөйтіп ақша капиталға, пайда табу құралына айналды. Қоғамда меркантилизм ілімі басым сипат алды. Бұл ілімді қолдаушылардың пікірінше, байлық тек сауда саласында ғана пайда болады. 18 – 19 ғасырларда өндірістік капитализм қалыптасып, классикалық эконономика теория негіздері қаланды. Оның белгілері мен ұстанымдары:
1) негізгі құрал-жабдық жеке меншік түрінде буржуазияның қолында болады;
2) жұмыскерлер құрал-жабдықтан айырылған, олардың тек құқықтық бостандықтары ғана бар, сол себептен олар капитал иелеріне жұмыс күшін сатып, еңбек ақы алады;
3) өндірістің мақсаты – пайда алу, ол өндірістің негізгі қозғаушы күші болып саналады;
4) кәсіпорындар капиталистердің жеке меншігінде болады;
5) кәсіпорынды капиталистің өзі басқарады;
6) өндірушілер бытыраңқы, рыноктың қажеттілігі белгісіз, өндірістің негізгі демеушісі – еркін бәсеке;
7) өндірісті құн заңы реттейді;
Ну чей лучше ?><