
Экспедициялардың мақсаты қандай болды

. Мұндай ізденістің басты себептері:
15 ғ-дың ортасына қарай Еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.
ХV ғасырдыңдың екінші жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.
1488 ж. Б.Диаш Африканың оңтүстік шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұлы географиялар ашылулардың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.
1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды.
1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңтүстігінен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн Мәжит бастап барды).
1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін испан және португал теңіз саяхатшылары Оңтүстік Америго Веспуччи құрлықтың жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро).
1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып, “Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды. Магеллан және оның серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние жүзін айналып шықты (1519 — 1522).
16 ғасырдың ортасында Ұ. г. а. заманының бірінші кезеңі аяқталды.
16 ғасырдың 2-жартысынан 17 ғасырдың 2-жартысына дейін созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдерінеЕуразияның және Солтүстік Американың солт. жағалауын айналып жүретін теңіз жолын (Солт.-шығыс және Солтүстік-батыс жолдарын) іздеуге байланысты геогр. ашылулар жасалды. Еуропадан Үндістан мен Қытайға баратын Оңт. теңіз жолдары Испаниямен Португалияның қолында қалғандықтан жаңадан өркендеп келе жатқан Англия мен Голландия теңіз жолын басқа жақтан, солт-тен іздеуге мәжбүр болды