
Әскери бекіністер неліктен Ертістің жағалауында салынды

Әскери бекіністер мен шептердің салынуы XVIII ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери - отаршылдық әрекеттерін бастады . Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді . Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы eдepдерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін . Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға , Ауғанистанға , Персияға , Қытайға , Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді . Орыс патшасы І Петр бұл елдермен Экономикалық және саяси байланыс орнатып , оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді . Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді .Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда Святая Наталья галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды . 1715 жылдың шілдесінде , өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты . 1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті , сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды . Жоңғарлар қоршау кезінде ( 3 - ай ) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып , Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып , 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады . Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін , толық қожайын болып алып , енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П.