Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
История

Византия құлдыруы неге байланысты болды?

ОТВЕТЫ

Римнің құлдырауы

Б.з. 2 ғ.-дан бастап Рим империясының қуаты азая бастады - жүре-бара теңіз саудасы да қалалардың дамуы да әлсіреді, халық санының өсуі де кеміді.

150 жылы империя халқының саны шамамен 65 миллион болса, 400 жылы бұл цифра 50 миллионға дейін кеміді. Болжам бойынша бұл Еуропадағы климаттың өзгеруімен және ортажылдықтемператураның төмендеуімен байланысты, климат өзгеруінің салдарынан өнім де азайды.

2 ғасырдан бастап Рим империясында дағдарыс басталды. Траянның жетістіктерінен кейін, 117 жылы билікке Публий Элий Адрианның келуінен кейін империя Месопотамияны жоғалтты.

3-ғасырда римдардың германдармен қақтығысуы басталады. Рим Траян еңбекпен алған Дакияны жоғалтады. 330 жылы Константин император астананы Босфор қаласына көшіреді. Ол б.з.б. 7 ғасырда негізделіп, Византия деп аталған. Оның орнында Константинопольдың іргесі қаланады. Бұл қала Жаңа Рим деп аталған (бірақ императордың өлімінен кейін Константинополь аталады). 395 жылы соңғы император Феодосий империя жерлерін екі ұлының – Аркадий мен Гонорийдің бөлуді жөн көреді. Батыс Рим империясының және Римнің орталығының императоры 11 жастағы Гонорий атанады, ал Шығыс Рим империясының императоры 18 жастағы Аркадий атанады. Бірінші Рим өзінің маңыздылығын жоғалта бастайды, кішкене уақыттан кейін ұрлыққа ұшырайды. Феодосий Медиоланда өмір сүруді ұнатты, ал 402 жылы әрқашан варварлардың соққысына ұшарайтын Батыс империяның астанасы кішкентай, бірақ жақсы бекітулі порт ы қала Равеннаға көшеді. 410 жылы Рим вестготтардың соққысына ұшырап, үлкен зардаптар шегеді.

455 жылы Римді Солтүстік Африкада тәуелсіз мемлекет құрған вандалдар жаулап алады. Олар қаланы тек тонап қоймай, көптеген архитектіра мен өнер ескерткіштерін бұзады. Батыс империясының біржолата құлдырауы византиялық император Зенонның кесірінен болады. 476 жылдың 23 тамызында өзара соғыстар кезінде Одоакр қолбасшы Римді жаулап алады, ал 16 жастағы римдік император Ромул Август биліктен құлайды. Зенонның келісімімен Одоакр Батыстың императоры ретінде Юлийді мойындайды.

480 жылы Непот өз күзетшілерімен өлтіріледі, ал оның тәжін Византияға жібереді, осыдан кейін Зенон батыс императорларын сайламауды жөн көреді. Көптеген ғалымдар 476 жылды Ортағасырдың бастамасы деп санайды. Кейбір ғалымдар Рим империясында христиандарды қууды тоқтатқан кезді, христиандық дін басты дінге айналған кезді, яғни 313 жылды Ортағасырдың бастамасы деп санайды.

910
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам