Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
Литература

«Ата-заны-Азат-елдин.Ар-намысы»

ОТВЕТЫ

Конституция, Ата Заң ( латынның «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар жиыны.

Қазіргі кездегі қолданып жүрген заңымыз 1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.

Ең алғашқы Қазақстанның Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылы ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданған болатын. Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.

Екінші реткі қабылданған заң 1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған еді. Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды.

Келесі реттегі заңды ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылдады Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.

Ал Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.

Бүгінде Ата Заңымыздың 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз. Ата Заңның арасында қоғамымызда реттілік пен заң , тәртіп деген ұғым қалыптасқан.Конституция күні құтты болсын!

Уикипедия сайтынан алып бираз реттедим , пайдалы болады деген үміттемін

986
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам