Регистрация
Войти
Стать экспертом Правила
Литература

төлеген не үшін сапарға аттанды​

ОТВЕТЫ

Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз. Шектіден бір қыз тауып қайтасыз, - деді. Төлеген айтты:

— Қанша күнде барамын?- деп. Сәудегер айтты:

— Жүз күнде барасың деді және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар онымен жүре алмайсың, -деді.

Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тастар орнаттырып қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғыз түйеге ділдә, жамбы артып Наурыз айы туғанда жүрді дейді.

Базарбайдың Төлеген,

Ерте туған көбеген.

Сексен жігіт қосшы алып,

Он бес жігіт басшы алып,

Ақжайыққа жөнеген.

Айдың өткен шешесі,

Ай қараңғы кешесі,

Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Артынан қуып келіпті,

Өлгенде көрген шешесі.

Шешесі келіп сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

622
Контакты
Реклама на сайте
Спрошу
О проекте
Новым пользователям
Новым экспертам