
1. "Алып Ер Тұңға" жырында не баяндалады?2. Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын "алып" сөзі қандай мағынаны білдіреді?3. Алып Ер Тұңғаға мінездеме беріңіз.. срочно нужно пожалуйста

1)түркілердің ата мекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын әкетеді. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптай береді.
Сол заманда Тұран елінде "арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар Ер Тоңа" деген батыр жігіт бар екен. Ер Тоңа елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады.
Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырай жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңаны "алып" деп атай бастайды. Енді ол халық алдында " Алып Ер Тоңа "деп аталады да Тұран патшасының тағына отырады.
2) Алып өзі үлкен деген мағынаны білдіреді.
3)Алып Ер Тоңа - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің " Шаһнама" кітабының (ХЫ ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып Ер Тоңа - Афрасияп Тұранның (Түр елі - түркілер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік қалған тарихи тұлға.