
Veannep
7 год назад
Мактаншак туралы макал
ОТВЕТЫ

Ierofey
Aug 13, 2019
1. Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.
2. Жапа шегіп, жай жату,
Жасқаншақтың белгісі.
Аспандағы айды ату.
Мақтаншақтың белгісі.
3. Мақтаншақты мақтасаң,
Басыңа секіреді.
4. Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады.
5. Жақсы мақтанса есебін табар,
Жаман мақтанса қатынын сабар.
6. Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан.
7. Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.
8. Мақтаншақ міншіл келеді,
Қызғаншақ күншіл келеді.
9. Мақтаншақтың қазаны бос қайнайды.
10. Жақсыны мақтасаң сақтанады, Жаманды мақтасаң қомданады.
228